Ақмола облысында кезекті табиғи өрт ауыздықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақмола облысында кезекті табиғи өрт ауыздықталды

444

Smiley face

Екі тәулік ішінде Ақмола өрт сөндірушілері «Жасыл Аймақ» РМК аумағының Қостомар ауылынан 3 шақырым жерде құрғақ шөптер мен орманды жерлердің өртенуімен күресті, деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілерге көмекке ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ «Ми-171» тікұшағы су ағызу құрылғысымен келді, оның көмегімен жану ошақтарына 18 тонна су тасталды.

Өртті сөндіруге барлығы 17 адам мен 18 бірлік техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz