Атырау облысында қой шешегі бойынша карантин алынды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау облысында қой шешегі бойынша карантин алынды

444

Smiley face

Бүгін Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның (ХЭБ) «WAHIS (TheWorldAnimalHealthInformationSystem)» ақпараттық жүйесінде Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округінің аумағынан карантинді алып тастау және қой шешегінің ауруларын жою бойынша ветеринариялық-карантиндік іс-шаралар кешенін аяқтау туралы қазақстандық ветеринарлық қызметтің есебі жарияланды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске саламыз, 2019 жылғы 19 шілдеде WAHIS МЭБ жүйесіне ағымдағы жылдың маусым айының ортасында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округінің Сүйіндік ауылында қой мен ешкі шешегінің пайда болуына байланысты нотификациялық хабарлама жіберілген. Атырау облысының ветеринариялық қызметі тарапынан қой шешегінің ауруларын жою бойынша барлық кешенді ветеринариялық-карантиндік іс-шаралар жүргізілді: карантин, жануарларды қой мен ешкілердің шешегіне қарсы амалсыз вакцинациялау, Атырау облысының аумағында мал қораларына, жабдықтарға, қораларға және басқа да орындарға дезинфекция жүргізілді.

2019 жылдың 12 тамызында Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі әкімінің шешімімен қой шешегінің ауруларын жою бойынша кешенді ветеринариялық-карантиндік іс-шаралар өткізілуіне байланысты ресми түрде карантин алынды.

Есеп ағымдағы жылдың 13 тамызында WAHIS ХЭБ жүйесінде жарияланды. Бұған дейін осы жүйеде Маңғыстау облысы, Қызылқоға ауданы, Қызылөзен ауылдық округі аумағынан карантинді алып тастау және қой шешегінің ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-карантиндік іс-шаралар жүргізудің аяқталғаны туралы есеп жарияланды.

Мәселен, 2019 жылы 8 сәуірде Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Қызыл Өзен ауылдық округінде ұсақ малдар арасында этиологиясы белгісіз ауру тіркелді. Нәтижесінде 45 бас ұсақ мал жойылды. Өлген малдардан патологиялық материал іріктеліп, «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК жіберілді. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша қой шешегі бойынша оң нәтиже алынды. 2019 жылдың 19 сәуірінде Жаңаарқа ауданы әкімдігінің шешімімен карантин қойылды.

Қой шешегінің ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-карантиндік іс-шаралар өткізілуіне байланысты биылғы жылғы 14 маусымда Жаңаарқа ауданы әкімдігінің шешімімен Қызыл Өзен ауылдық округінен осы аумақтан карантин алынып тасталды.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы аумағының адам мен жануарлар үшін ортақ аса қауіпті аурулар бойынша тұрақты эпизоотиялық жағдайы бар екенін атап өту қажет.


Көзі: yunews.kz