Семейде жалған ақша жасаушыны іздеуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Семейде жалған ақша жасаушыны іздеуде

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлағандай, жақында 25 жасар кәсіпкер полицияға арызданған. Ол 25-30 жастағы белгісіз жігіт одан спорттық тамақтанудың бірнеше түрін сатып алып, АҚШ-тың екі 100 долларлық купюрасын төлегенін хабарлады.

Сатып алушы кеткеннен кейін, сатушы алған ақшасының жалған екенін анықтаған. «Оқиға орнынан құқық қорғау органдары жалған купюроларды тәркілеген. Кәсіпкерге келтірілген шығын 52 000 теңгеге бағаланады», деп нақтылады қалалық полиция басқармасы.

Қазіргі уақытта қаскүнемді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.


Көзі: Yunews.kz