Ақтауда жол белгілері мен сауда орталығын шимайлап тастаған бұзақы ұсталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда жол белгілері мен сауда орталығын шимайлап тастаған бұзақы ұсталды

444

 

Smiley faceФото: ДП Мангистауской области
 

Бір түнде белгісіз адам Ақтаудағы ондаған жол белгілерін түсініксіз жазулармен шимайлап тастаған. «Ақтау қаласының 24 жасар тұрғынын полиция қызметкерлері қаладағы жол белгілері мен жеке меншік сауда орталығының мүлкін бүлдіргені үшін ұстады.

Ол қабырғаларды бояп тастаған. Кейін ол бояумен жол белгілерін бояғанын мойындады. Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 505 бабы бойынша хаттама толтырылды», деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жас жігіттің айыппұлын төлеумен қатар, өзінің шимай-шатпақтарын мүліктер мен ғимараттардан қысқа мерзімде өшіруге міндеттелді.

Smiley face
Фото: ДП Мангистауской области


Көзі: Yunews.kz