Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйлер аз салынуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үйлер аз салынуда

444

Smiley face

2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйді пайдалануға беру жылдық жоспарға қарағанда 50%-ды құрады, деп хабарлады ҚР ИДМ баспасөз қызметі.

Республика бойынша барлығы 55 849 бірлік тұрғын үй тапсырылды. Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 7 өңірде жалғасуда. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы Түркістан, Қызылорда, Қостанай облыстары болып табылады. Тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуі Маңғыстау облысында және Нұр-Сұлтан қаласында байқалады.

Ал Қазақстан арқылы контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38,4% -ға өсті. Мәселен, ҚХР-ЕО-ҚХР бағыты бойынша бұл көрсеткіш 29% -ға өсті.


Көзі: Yunews.kz