Қазақстанда әскери спорт дамытылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда әскери спорт дамытылады

444

Smiley face
Фото: пресс-служба МО РК

Әскерлердің жауынгерлік даярлығының оқу-материалдық базасын жетілдіру аясында Қазақстан астанасында заманауи спорт залы ашылды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Жаңа нысан Қазақстан армиясында әскери-қолданбалы спорт түрлерін одан әрі дамытуға серпін береді деп күтілуде. Жекпе-жек залында тұрақты негізде арнайы бөлімшелердің әскери қызметшілері, сондай-ақ Ақмола гарнизонының жеке құрамы спорттық жарыстарға дайындық кезінде сабақтар өткізеді.

Smiley face
Фото: пресс-служба МО РК

Зал жекпе-жектің көптеген түрлері: бокс, күрес, қоян-қолтық ұрыс, әскери қоян-қолтық ұрыс бойынша жаттығулар мен жарыстарды ұйымдастыру үшін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Көрермендерге панорамалық қарау алаңы қарастырылған.

Осындай спорт нысандарын іске қосу әскери қызметшілердің жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығын арттырудағы, сондай-ақ әскери спортты жан-жақты қолдау мен дамытудағы кезекті қадам болып табылады.


Көзі: Yunews.kz