Қорғаныс министрлігінде жаңа департамент - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қорғаныс министрлігінде жаңа департамент

444

Smiley face
Фото: пресс-служба МО РК

Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтың орталық аппаратының құрылымын жетілдіру шеңберінде алғаш рет жүргізілген функционалдық талдау нәтижелері бойынша бірнеше жаңа бөлімшелер құрылды. Олардың бірі - Стратегиялық талдау және даму департаменті, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Департамент Қарулы Күштерді дамытуға, елдің әскери қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге тұжырымдамалық тәсілдерді әзірлеумен айналысады. Күш-жігер Қазақстанның қорғаныс әлеуетінің сандық және сапалық өсуіне ықпал ететін оңтайлы шешімдерді іздеуге, қолда бар және болжанып отырған қауіпсіздік тәуекелдері мен қатерлерін ескере отырып, Қарулы Күштерді дамытуға бағытталатын болады.


Көзі: Yunews.kz