Ит – адамның «досы» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ит – адамның «досы»

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Өз үйінің ауласында 4 жасар баланы алабай қауып алған. Зардап шеккен баланың денесінде көптеген жарақаттар бар, соның ішінде басында және  қолында жырымдалған жаралар.

Әкесі тез арада ұлын ауруханаға апару туралы шешім қабылдады, бірақ Нұр-Сұлтан үшін әдеттегі кешкі көлік кептелісі қозғалысты кідіртті.

Республика даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында патруль көлігі қан ішінде жатқан баласы мен әкесін ауруханаға дейін тоқтаусыз алып жүруді қамтамасыз етті. Полицейлер балаға медициналық көмек көрсетілгенге дейін жанында болған.

Зардап шегушінің әкесі Александр Балах өзінің ұлына көмек көрсеткен жол полициясы полкінің автопатруль полицейлеріне алғысын білдірді.

Александрдың айтуынша, полицейлердің іс-әрекеттерінің арқасында қысқа мерзім ішінде ауруханаға жетіп, ұлына уақытылы медициналық көмек көрсетілді. Қазір бала қажетті ем алуда  және өзін жақсы  сезінеді.

"Баланы тістеген ит Александр Балахқа тиесілі. Шынжырға байланған және қажетті екпелері бар.  А.Балахтың айтуынша, ұлы итті мазақтап ыза қылғанда, алабай оны қауып алған. Полиция қызметкерлері иттің иесімен профилактикалық әңгіме жүргізді", - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.


Көзі: yunews.kz