Қарғалы өзенінде 20 мың текше су жағаға шықты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарғалы өзенінде 20 мың текше су жағаға шықты

444

Smiley face

Бүгін 06 сағат 20 минутта Қарғалы өзені бассейнінің №1 көлі қолданыстағы жерасты-мореналық каналдар арқылы босатылды, ағымның болжамды  жылдамдығы секундына 5 текше метрді құрап, көлдегі су деңгейі 5 куб метрге дейін төмендеді,  ағынды сулардың алдын-ала көлемі 20 мың текше метрді құрады, деп хабарлады Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі.

Қарғалы шатқалының тұрғындары сиреналық-дыбыстық құрылғылар арқылы жедел арада құлақтандырылды (СДҚ- локальды, тек шатқалда ғана іске қосылады). Халықты  құлақтандыру үшін дауыс зорайтқыш байланыстарымен Наурызбай ауданының өрт сөндіру бөлімшелері, жол-патрульдік экипаждары жіберілді. Наурызбай ауданындағы зардап шеккен тұрғындарды қабылдау пункттері қабылдауға әзірленді, эвакуация үшін Бостандық ауданындағы мектептер дайындалды.

Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің бойындағы учаскеде газ беру тоқтатылып, электр қуаты ажыратылды. Төтенше жағдайларды жою бойынша жедел штаб құрылып, Азаматтық қорғаныс Қызметтері Алматы қаласы ТЖД-ің  жағдай және дағдарыс орталығында жұмыстарды атқаруға жиналды.   Алматы  қаласының құтқару Қызметі, ҚазАвиаҚұтқару Борты және Ұлттық Гвардияның жеке құрамы дайындыққа келтірілді.

 Алматы қаласы ТЖД-нің  барлық жеке құрамы, күштері мен құрылымдары  дабылмен көтерілді.

Smiley face

 Биылғы жылы аталған  көлді босату бойынша алдын-алу жұмыстары 6 маусымда басталды, ол үшін 6 өнімділігі жоғары сорғылар, пластикалық құбырлардан сифон жіптері тартылып, сондай-ақ, экскаватордың көмегімен транзиттік ағын суларға эвакуациялық канал төселді. Жалпы алғанда,  жұмыс басталғаннан бері 1,6 миллион текше метр су төгілді, бастапқы  көлемі 77,2 мың текше метр болған (егер бұлақтар болмағанда бұл көлді 20 рет судан босатуға болатын еді).      

 Сел болған кезде су тасқыны орын алатын 8 аудан алдын ала анықталып, төтенше жағдайда жедел арада жететін 59 бірлік техника мен 216 адам күштер мен құралдар тобы дайындалды.

 8 сағат 43 минутта көлден судың ағуы тоқтады, Қарғалы өзенінің арнасында судың тасуы байқалмайды. Жалпы, Қарғалы өзенінің арнасы тұрақтанды және секундына 20 текше метрге дейін су жібере алады (ағымның ағысы қазіргі уақытта 4,86 куб/м құрайды).

Жағдай тұрақты, бақылауда, деп сендіреді құтқарушылар.


Көзі: yunews.kz