Армандар орындалады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Армандар орындалады

444

Smiley face
Фото: пресс-служба ДП Атырау

Атырауда бас және жұлын миы зақымдалған балаларды қолдау бойынша ауыл салынуда. Жұмыстан бос уақытында қала полицейлері құрылысқа ат салысады, деп хабарлайды Атырау ПД баспасөз қызметі.

"Атырау. Кішкентай ел" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ерлан Күмісқалиев Facebook-тегі парақшасында былай деп жазды:

«Қайратты жігіттер, нәзік қыздар қызметтен бос уақытында көп жұмыс істеп, біздің жүгімізді едәуір  жеңілдетті. Жұмыстың бұл бөлігі біздің жүрегімізде ұзақ уақыт бойы ауыр жүк болып жатты. Погон таққан достарымызға рахмет. Олар өздерінің мейірімділігін, ізгілігін және мейірбандығын көрсетті. Шынында да, "Кішкентай ел" әлемді өзгертетін адамдар жиналатын орынға айналады. Біздің әлем мерейлі, жарқын және жылы. Бұл біздің арманымыз бен мақсатымыз болды. Армандар орындалады!!! Бақыт деген осы емес пе?»

Smiley face
Фото: пресс-служба ДП Атырау

"Атырау-кішкентай ел" орталығы арқылы 180 отбасының балалары оңалтудан өтті. Негізгі контингент - сезімталдықтан айырылған балалар. Бұл ретте орталық емделушілерінің жартысынан көбі - толық емес отбасынан шыққан балалар. Орталық тегін қызмет көрсетеді.

5 га жер учаскесі  2017 жылы ерекше балаларға арналған экологиялық кешен салу үшін тегін берілді.

Smiley face
Фото: пресс-служба ДП Атырау


Көзі: yunews.kz