Бос орын - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бос орын

444

Smiley face
Фото: пресс-служба НПП «Атамекен»

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы жергілікті өнім шығаратын 30 ірі кәсіпорынға мониторинг жүргізіп, олардың барлығында импортты алмастырумен қиындықтарды анықтады. Анықталғандай, бұл кәсіпорындар  өнім өндіру кезінде кейбір туынды материалдарды шетелден  сатып алуға мәжбүр екен, - деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі.

Мысалы, "Стандарт цемент" цемент зауыты Ресейде 1,8 млрд теңгеге цемент үшін қағаз қаптарды сатып алса, "Шымкентқұс" құс фабрикасы солтүстік өңірлерден 1,4 млрд теңгеге азықтық бидай, "Бал текстиль" кілем фабрикасы - 125 млн теңгеге шашақтар, қаптауға арналған үлдір, латекс желімі және картон төлкесін Ресей, Өзбекстан және Түркиядан сатып алады, "Әлем БТ" шұлық  фабрикасы Қытайдан 168 млн теңгеге этикеткалар, ілмектер және шұлықтар үшін қағаз қораптар әкеледі, «ЕуроКристалл» ЖШС  Ресей мен Өзбекстаннан 150 млн теңгеге гофротар, бигбегтер, тұғырықтар, орамдағы пленка, сыпырғыштар және т.б. сатып алады.  

"Мұның барлығын бізде де өндіруге болады, бұл ғылымды қажет ететін тауарлар емес. Шетелден әкелінетін бөлшектер, жиынтықтаушы, буып-түю және қосалқы материалдарды біздің кәсіпкерлер алмастыра алады.  Бұл шағын және орта бизнеске арналған тауашалық жобалар бар, олар туралы кәсіпкерлер тіпті білмейді, - деп атап өтті Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев. - Жыл сайын Шымкент тауар өндірушілері жергілікті өнім өндіру үшін 4 млрд. теңгеге сырттан тауар сатып алады. Және бұл біз мониторинг жасаған өндірістік кәсіпорындар есебі бойынша ғана".

Палата директорының айтуынша, тауашалық жобалар пулын анықтау әлеуетті стартапшылар және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге қандай қызмет түрімен айналысуға болатыны туралы ой салуы мүмкін. Ал егер Шымкентте қазіргі кезде 239 ірі және 1269 орта кәсіпорын жұмыс істеп тұрғанын ескерсек, тауашалық жобалардың сомасы 30 млрд.теңгеге дейін артуы мүмкін деп айтуға болады.

Кәсіпкерлер Палатасы тауашалық жобаларды анықтау бойынша жұмысты жалғастырады және жыл соңына дейін Палата сарапшылары олардың санын 100-ге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.


Көзі: yunews.kz