Қырағы көз - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қырағы көз

444

Smiley face

Беларусь Республикасының Брест қаласында Армиялық халықаралық ойындары аясында өтіп жатқан «Мерген шебі» конкурсы өз мәресіне жетті. Қазақстандық мергендер ойын қорытындысымен үшінші орынды иеленді, ал бірінші орын – конкурс қожайындарының еншісінде, екінші орын – Ресейліктерде.

Аталған «Мерген шебі» конкурсы үш кезеңде өтті: жеке сынақ, жұптық сынақ және мергендер эстафетасы. Жеке сынақ кезінде мергендер күндізгі және түнгі уақытта мерген мылтығымен нысананы атуды жүргізді. Түрлі шептерге алты мәрте нысаналар қойылды. Осы нысаналарды мергендер 30 секундта бағдарлап, нысананы дәл атып түсіру керек болды.

Smiley face

Smiley face

«Жұптық сынақта» қатысушылар бірге жарысқа шықты. Аталған кезеңде барынша дайындалған мерген жұптары белгіленді. Егер бірінші кезеңге 21 команда қатысқан болса, ал екінші кезеңге солардың тек 8-і ғана өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның, Ресейдің, Беларустың, Қытайдың, Өзбекстанның, Әзербайжанның, Въетнамның және Иранның мергендері. Конкурстың финалында мықты деп танылған Ресей, Беларусь пен Қытайдың мергендері сайысты. Мергендер эстафетасында қатысушылар граната лақтыру мен атыс шебінде атуды орындай отырып кедергі жолақтарын игеруді көрсетті.

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz