Ер адам құдыққа құлап, омыртқасын сындырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ер адам құдыққа құлап, омыртқасын сындырды

444

Smiley face

80 жастағы қария Қарағанды облысында Шахтинск тас жолында орналасқан "Свежесть" саяжай қоғамындағы құдықтың коллекторына абайсызда құлап кетті, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

ТЖД құтқарушылары оқиға орнына келіп, альпинистік құрал-жабдықтарды қолданды. Зардап шегуші омыртқаның динамикалық сынығына күдікті жарақат алған. Ол дереу жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Құдықтың тереңдігі шамамен 10 метр, адамның өміріне қатты қауіп төнген, тек құтқарушылардың жеделдігі арқасында қайғылы жағдайға жол берілмеді.

Smiley face

 "Құдықтың коллекторына құлау салдарынан 1939 жылы туған ер адамда омыртқаның асқынбаған компрессиялық сынығы табылды. Ол Мақажанов атындағы медициналық орталыққа жатқызылды. Жағдайы тұрақты", - деп хабарлады Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасынан.


Көзі: yunews.kz