Мәскеуде жұмыс істеймін деп инсульт алған азамат - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мәскеуде жұмыс істеймін деп инсульт алған азамат

444

Smiley face

 

Күнкөріс қамымен Мәскеуге барған Эсхаил Жақыпбаев бақытсыз жағдайға тап болды. Қазақстандық азамат Ресей астанасындағы зауыттардың бірінде жұмыс орнында инсульт алған.

Оның денесінің сол жақ бөлігі сал тартып, жедел жәрдем оны ессіз жағдайда астаналық клиникалардың біріне алып кетті.

Мәскеу ауруханасында екі айға жуық емделген ер адам Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің консулдық бөліміне көмек сұрап келді.

Ведомстваның баспасөз қызметінің хабарлауынша, дипломатиялық өкілдік пациентті елге әуе жолымен тасымалдап, Алматы ауруханасына жеткізуді ұйымдастырды.


Көзі: yunews.kz