Трамвайдан анықтама алуға болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Трамвайдан анықтама алуға болады

444

Smiley faceФото Павлодар облысы әкімдігінің сайтынан алынды

Павлодарда консультациялар және Egov порталында жұмыс істеу бойынша көрнекі ақпаратты алуға болатын трамвай жүреді. Акцияның бастамашылары Павлодар облысы әкімінің аппараты, «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ, сондай-ақ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы болып табылады, деп хабарлайды Павлодар облысының әкімдігі.

Мемлекеттік қызметтерді алудың оңтайлы тәсілдерін үйрету акциясы өтетін трамвай вагоны №5 трамвай маршрутында жүреді. Трамвай әр сәрсенбі және сенбі сайын жолға шығады.   Вагонда көрсетілетін қызметті алушыларға арналған тиісті сыртқы жарнама, ал вагонның ішінде буклеттер, брошюралар, жадынамалар орналастырылған.  Қажет болған жағдайда, жолаушылар біржолғы SMS-пароль арқылы 44 әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметті алу үшін вагонда «Электронды үкіметтің» мобильді азаматтар базасында тіркеуден өте алады.

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер бөлімінің басшысы Дәулет Есмағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде азаматтардың арасында  Egov порталының Телеграм-бот каналы танымал болып келеді. Осы каналдың көмегімен мессенджер пайдаланушылары түрлі анықтамалар алып, өздері қалаған медициналық ұйымға тіркеліп, ХҚКО-ға кезекке тұра алады.

Осы акцияның көмегімен мамандар «Электрондық үкімет» порталында электрондық мемлекеттік қызметтерді алудың қолжетімділігі мен қарапайымдылығын көрсете алады. Себебі, бүгінгі күні қандай да бір анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталығында алу үшін кезекте тұрудың қажеттілігі жоқ. Egov арқылы лицензияны ресімдеу үшін тек ЖСН қажет (барлық қалған деректерді автоматты сұраулардың көмегімен алады), коммуналдық қызметтер мен айыппұлдарды онлайн төлеуге болады, бизнесті дербес тіркеп, баланың балабақшадағы кезегін кез келген уақытта білуге болады.


Көзі: yunews.kz