Шымкенттік полицейлер ұжымдық арызданушылармен кездесу өткізді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкенттік полицейлер ұжымдық арызданушылармен кездесу өткізді

444

Smiley face

Ағымдағы жылдың 9 тамызында Шымкент қаласы Самал-1 мөлтек ауданында орналасқан Гранд-Прага мейрамханасының сағат 23:00-ден кейінгі уақытта түнгі тыныштықты бұзуы, мейрамхана алдында салюттердің атылуы, автотұрақ мәселесі бойынша, көше бойында орналасқан қоқыс жәшігін басқа орынға ауыстыру, мейрамхана жабылғаннан кейін тазалық жұмыстарын тыныш жүргізу мәселелері бойынша жергілікті тұрғындардың ұжымдық арызы бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының м.а. Б.Шойынбаев халықпен кездесу жиналысын өткізді. Жиналысқа Гранд-Прага мейрамханасының қасында тұратын тұрғындар және мейрамхана қызметкерлері мен атқарушы директоры, ардагерлер кеңесінің бастапқы мүшесі, №20 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Кездесу барысында тұрғындар өздерінің талап-арыздарын айтып, арызда көрсетілген уәждер толығымен қаралып, уәждерді жою мақсатындағы жұмыстар өз шешімдерін тапты.

Жиын соңында Гранд-Прага мейрамханасының атқарушы директоры алдағы уақытта құқықбұзушылықтарға жол бермеуге уәде берді. Алдағы уақытта учаскелік полиция инспекторларының ерекше бақылауында болатындығы туралы шешім қабылданды.

 

Smiley face


Көзі: yunews.kz