Ескі жаңадан жақсы ма? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ескі жаңадан жақсы ма?

444

Smiley face

Ескі екіқабатты үйлердегі пәтерлерін жаңа баспанаға ауыстырғысы келмеген павлодарлықтардың қырсықтығынан кейбір мердігерлер құрылыс алаңына тек тамызда ғана кіре алды, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық әкімдікте өткен жиында құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисов ескірген үйлердің бірнеше тұрғыны алты айға жуық уақыт пәтерлерін босатудан бас тартқанын еске салды. Сол себепті ескісін бұзып, жаңа тұрғын үй салуға тиісті құрылысшылар жұмысқа кірісе алмады.
Мердігер учаскеге бір апта бұрын ғана кірді, сондықтан екіқабатты үйлер  жаңа ғана бұзылды.

Кейбір жағдайларда жұмыс қарқыны бойынша құрылысшылардың өзінде кінәрат бар. «СК Строитель» ЖШС «Сарыарқа» шағын ауданындағы №27 үйді шілде айында тапсыру керек еді. Алайда, екі айға кешігуде. Сондықтан шенеуніктер материалдарды дайындап, компанияны жауапсыз мердігер деп тану үшін сотқа берді.

Панельді үйлер салатын «ДСК Монтаж» ЖШС-не де наразылық бар. Осы фирманың кесірінен «Сарыарқа» шағын ауданының құрылысы біз жоспарлағандай 2020 жылға қарай аяқталмауы мүмкін.

Облыс әкімі Болат Бақауов осы аптада кестеден кешігу байқалатын барлық құрылыс нысандарын аралайтынын мәлімдеді.


Көзі: yunews.kz