Алматы үшін қауіп жоқ, 100% кепілдік береміз – ҚР ІІМ министрінің орынбасары - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы үшін қауіп жоқ, 100% кепілдік береміз – ҚР ІІМ министрінің орынбасары

444

Smiley face

Қазіргі сағатта Алматы қаласы үшін қауіп жоқ, деп мәлімдеді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары  Юрий Ильин бүгін ТЖК-де өткен  брифингте.

«№1 көлден Алматы қаласына 100% қауіп жоқ деп айта аламыз», - деді ол.

Таңғы сағат 6:20-да №1 өзеннің суы тасыған. 2015 жылы да бұл көлден Алматының үш ауданында сел ағып, төтенше жағдай болған еді, деп атап өтті Ю.Ильин.

«2015 жылы да бұл көлден Алматының үш ауданында сел ағып, төтенше жағдай болған. Одан бірқатар ғимаратқа, үйлер мен мектептерге зақым келді. Осыдан кейін жергілікті бюджет қаражатынан Наурызбай ауданы аумағындағы өзен арнасын секундына 20 текше метр су ағатындай тұрақтандыру жұмыстары жүргізілді. Сондықтан, қазіргі су көлемі Наурызбай, М.Әуезов аудандарындағы еш қауіп төндірмейді. Әзірге Алатау ауданында, Т.Рысқұлов даңғылынан төмен Алғабас ауданында алаңдаушылық бар. Онда қосымша бақылау бекеттері тұрғызылып, өзен арнасын кеңейту мәселелерімен айналысатын инженерлік техника қойылған», - деді ІІМ министрінің орынбасары.

 Суды ағызу жұмыстары 2015 жылдан бері жүргізілді, деп атап өтті Ю.Ильин.

«Соңғы төрт жылда біз бұл көлде судың жиналуын байқамадық. Ағымдағы жылы көзбен шолып ұшу жүргізілген кезде, біз көлге ағындар құйылатынын көрдік. 6 шілдеден бастап осы көлді босату бойынша жұмыстар белсенді жүргізілді. Бастапқы кезеңде оның көлемі 80 мың текше метрді құрады. Бірақ біз жұмыс бастаған кезеңде бір жарым миллион текше метрден астам су төгілді.  6-20 минут серпінді учаскеде оның көлемі 40-қа жуық, мүмкін, мың текше метрден сәл аз болуы мүмкін. Жалпы көлемі секундына 5 метрге жуық текше метрді құрады», - деп хабарлады ІІМ Министрінің орынбасары.

Ол сондай-ақ бірнеше сағаттан кейін судың төмендеу кезеңі басталатынын мәлімдеді.

«2003 жылы пайдалануға берілген Қарғалы бөгеті ағыстан төмен орналасқан. Бұл бөгеттің өткізу қабілеті Алматы қаласының аумағында секундына 10 текше метрге дейін кедергісіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қарғалы өзені -секундына 20 текше метрге дейін. Қазіргі уақытта біз су шығарындыларының төмендеуін байқаймыз,көлдің өзінде ол текше метрден аз тұрақты жағдайға шықты. Менің ойымша, бір жарым сағат ішінде Қарғалыда төмендеудің белсенді кезеңі басталады. Яғни, бүгінгі таңда Алматы қаласының тұрғындары үшін қауіп жоқ», - дейді Ю. Ильин.

Алматының басқа да көлдеріне келетін болсақ, қазіргі уақытта 7 көлге бақылау жүргізілуде, бірақ жағдай тыныш күйінде қалып отыр, деп хабарлайды ІІМ министрінің орынбасары.

«Қазір Департамент бастығы Қазселқорғау өкілдерімен бірге Алматы қаласының маңында орналасқан барлық мұздақ көлдерді қосымша аралайды, жағдай тұрақтанады деп ойлаймын», - деді Ю. Ильин.


Көзі: yunews.kz