Жаппай бақылау - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаппай бақылау

444

Smiley face

ҚР ДСМ цифрландыру офисі Dari KZ мобильді қосымшасын жаңғыртты, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Енді әрбір қазақстандық дәрілік препараттардың шекті рұқсат етілген бағасын өз бетінше тексере алады, және ол баға дәріханада жоғары болған жағдайда ҚР ДСМ-ге шағым жібере алады.

Шағымды жіберу үшін:

- іздеcтіру жолына дәрі атауын енгізу;

- «Шағымдану» батырмасын басу;

- тіркеу куәлігінің нөмірін салыстыру;

- препараттың шекті рұқсат етілген бағасын тексеру;

- дәріхана орналасқан аймақты таңдау;

- дәріхананың атауы мен мекенжайын көрсету;

- дәріханадағы дәрінің бағасын көрсету;

- өз телефон нөміріңізді жазу және, қаласаңыз, қосымша түсініктеме жазу қажет.

Сіз шағымды жібергеннен кейін, ол «Шағымдар» бөлімінде көрсетіледі.

 


Көзі: yunews.kz