Қарағанды облысында өрт сөндіруге Ұлттық гвардия күштері жұмылдырылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында өрт сөндіруге Ұлттық гвардия күштері жұмылдырылды

444

Smiley face

Өртке 5 дәрежелі күрделілік деңгейі берілді. Отпен 150 адам күресіп, 30 бірлік техника жұмылдырылды. Оларға 52859 әскери бөлімінің 85 сарбазы және 7 бірлік техникасы көмек көрсетті.

Өрт аймағына суағар құрылғысы бар ТЖК АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. «Қазавиаорманқорғау» МИ-2 тікұшағын қолдану арқылы әуе барлауы ұйымдастырылды»,-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Өрттен кейін арнайы комиссия құрылады. Бақты орман шаруашылығының орман-дала аумағы бойынша бұл шамамен 30% орман алқабын құрайды», деп түсіндірді Қарағанды облысы ТЖД бастығы Ибрагим Күлшімбаев.

Қарқаралы мемлекеттік паркінің алаңы 100 мың гектардан астам. Табиғи қорықтың флорасында өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып бара жатқан 66 түрі бар.


Көзі: yunews.kz