Ақтауда машина басып кеткен 3 жасар баланың көкбауырына зақым келген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда машина басып кеткен 3 жасар баланың көкбауырына зақым келген

444

Smiley face

Баланы өз үйінің ауласында серуендеу кезінде автокөлік басып кетті. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, оқиға кеше Ақтау қаласының 32 «б» шағын ауданындағы үйлердің бірінің жанында болған.

«Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 610 бабы бойынша хаттама толтырылды (көлік құралдары жүргізушілерінің адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзуы)», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Зардап шеккен 3 жасар баланы облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізді, онда дәрігерлер оның ішінің ауыр жарақатын, геморрагиялық синдромды және жарақаттан кейінгі шок диагнозын қойды.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, операция кезінде баланың көкбауырына зақым келгені анықталды.

«Сәтті жүргізілген операцияға қарамастан, ауыр жарақаттар мен қан жоғалту салдарынан сәбиге өкпені жасанды желдету аппараты арқылы екі тәулік бойы жүргізуге тура келді», деп хабарлады Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта бала өзін жақсы сезінеді, оны хирургия бөліміне ауыстырды.


Көзі: yunews.kz