Қазақстандық кәсіпорындар Қытайдың сатып алу компанияларымен әріптестікке дайын - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық кәсіпорындар Қытайдың сатып алу компанияларымен әріптестікке дайын

444

Smiley face

Қазақстандық кәсіпорындар қытайлық сатып алу компанияларымен ынтымақтасуға дайын. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы сауда палатасының Басқарма Төрағасы Аян Еренов Сиань қаласында Қазақстанның Қытайдағы сауда-экономикалық миссиясы ашылуында сөйлеген сөзінде хабарлады. Еренов атап өткендей, Қазақстаннан Қытайға экспорт өткен жылмен салыстырғанда 24,8% -ға өсті. Оның айтуынша, бұл жерде «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы ерекше рөл атқарды.

Өз кезегінде ҚХР-дағы Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі Сәуле Нұрғалиева Қытай ҚР-дағы тікелей инвестициялар бойынша бірінші орында тұрғанын атап өтті, сондай-ақ қазіргі уақытта кедендік тізілімге енген Қазақстаннан 292 компания өз өнімдерін Қытайға жеткізуге дайын екенін хабарлады.

8-9 тамызда Сианда өткен сауда-экономикалық миссияға қазақстандық азық-түлік өндірушілер қатысты. Ресми бөлімнен кейін және өнімнің тұсаукесерінен кейін қазақстандық бизнес пен қытайлық сатып алу және өндірістік компаниялар өкілдері арасында В2В кездесулері өтті. Осындай іс-шаралардың негізгі мақсаты тікелей байланыстарды орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен олардың өнімдерін әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарын жандандыру, сондай-ақ екі жақты кездесулер өткізу болып табылады.


Көзі: yunews.kz