Атырау полицейлері қалыңдыққа көмектесті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырау полицейлері қалыңдыққа көмектесті

444

Smiley face

Бұл күн 25 жасар Нұрбақыт үшін көпке дейін есте қалады. Бейсенбі, 8 тамызда, ол тұрмысқа шығу алдында «Сырға салу» рәсіміне дайындалған. Осындай маңызды сәттің қарсаңында ол ұлттық стильдегі көйлек іздеп, барлық жалға алу нүктелерін аралап шыққан. Салонға үлгеру керек болды, макияж және шашқа жазылу керек болды. Салонға келіп, ол таксистке оны күтуді сұрады. Алайда, салонда шебер босағанша күте тұруға тура келді, содан кейін шаштаразмен барлық нюанстарды талқылап, біраз отырып қалған. Қыз такси туралы есіне түскееде, ол әлдеқашан кетіп қалыпты.

«Таксиде барлық заттар мен құжаттар болған пакетті тастап кеткенмін. Содан кейін дереу полицияға бардым»,-дейді Нұрбақыт.

Атырау қаласының полиция департаменті полицейлері жол бойындағы камералар көмегімен жүргізушіні анықтады. Осылайша қыз заттарын тауып алды. Ол полицейлерге алғыс айтып, табыс тіледі.

Айта кету керек, жыл басынан бері Атырау қаласы ІІБ жедел басқару орталығының көмегімен 48 қылмыс пен 19 483 әкімшілік құқық бұзушылық ашылды.


Көзі: Yunews.kz