Барлық ғаламшардың алдында… - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Барлық ғаламшардың алдында…

444

Smiley face

Қазақстандық әскери қызметшілер 2019 жылғы халықаралық әскери ойындардың үш сайысында жеңіске жетті: «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сұңқар» және «Сенімді қабылдау» бойынша, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«Жеңіс кепілі айлар бойғы табанды жаттығулар, команданың үйлесімдігі, күшті жауынгерлік рух, табандылық пен мақсатқа ұмтылу болды»,  деп атап көрсетті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының атыс бойынша орынбасары полковник Дәурен Есқожин сендірді. – Бұл қазақстандық әскерилердің жарқын жеңісі болып табылады».

Smiley face

«Сенімді қабылдау» байланысшылар байқауында қатысушылар төрт кезеңнен өтті. Қорытынды кезеңде байланысшылар кез келген жолмен байланысты қамтамасыз етуі және қажетті сигналдарды беруі тиіс. Біздің команда бірінші кезеңде көшбасшылыққа түсіп, барлық конкурс барысында позициясын сақтап қалды.

Биылғы жылы Қазақстанда әскери халықаралық ойындарға Ресей, Қытай, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Армения, Иран, Сирия, сондай-ақ Венесуэла және Зимбабве Қарулы Күштерінің әскери мамандары қатысты.

Үш байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау Отарда 15 тамызда халықаралық әскери ойындардың жабылу салтанаты аясында өтеді.

 Smiley face

 


Көзі: Yunews.kz