Қазақстанда 2025 жылға дейін туристер санын жылына 3,4 млн адамға дейін көбейту жоспарлануда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда 2025 жылға дейін туристер санын жылына 3,4 млн адамға дейін көбейту жоспарлануда

444

Smiley face
Фото: Министерство экологии, геологии и природных ресурсов РК

Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Мәдениет және спорт министрлігі флора мен фаунаның биоәртүрлілігін сақтауды ескере отырып, ұлттық парктер аумақтарында туризмді дамыту үшін өзара ынтымақтастық туралы келісті, деп хабарлайды Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Тиісті шартқа "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ мен "Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ, "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ, сондай-ақ "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" РММ арасында қол қойылды.

Екі мүдделі министрліктердің бірлескен іс-қимылы, жаңа үлгіні енгізу 2025 жылға дейін туристер  ағынын жылына 1,3 млн адамнан 3,4 млн адамға  дейін арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

"Аталмыш іс-шаралар 20 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға және таяудағы 5-7 жылда шамамен 100 млрд теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ведомстводан.

Пилоттық жобада тұрақты туризмді дамытудың үздік әлемдік тәжірибесін пайдалана отырып басқарудың жаңа моделін қолдану жоспарланып отыр.

"Ұлттық парктердің туристік әлеуеті бүгінде жеткіліксіз пайдаланылады: қызмет көрсету сервисі төмен, инфрақұрылым жоқ, бірегей табиғи нысандар ұлттық парктің бренді ретінде пайдаланылмайды, туризм саласында кәсіби кадрлар жоқ және т.б. Осыған байланысты, тұрақты экологиялық туризмді дамыту үшін KazakhTourizm-мен бірлесіп үш ұлттық парк аумағында басқарудың жаңа моделін сынақтан өткізу жоспарлануда", - деді Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Мырзағалиевтың айтуынша, ведомстволардың бірлескен қызметі қолданыстағы экожүйені сақтау мүдделерін ескере отырып, сапалы туристік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инновациялық идеяларды, бағдарламаларды, жобалар мен технологияларды әзірлеуге, енгізуге және ілгерілетуге бағытталатын болады.

Сондай-ақ, үздік тәжірибелерді енгізу үшін халықаралық сарапшылар мен ұйымдарды тарту жоспарланып отыр.

Пилоттық жобаларды табысты іске асыру Қазақстан Республикасының барлық 13 мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде осы тәжірибені қолдануға мүмкіндік береді.


Көзі: yunews.kz