Ақтауда жаңа 13 шағын аудан салынады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда жаңа 13 шағын аудан салынады

444

Smiley face

Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязов өңір басшысы Серікбай Трумовты Ақтау қаласын дамыту жөніндегі бас жоспармен таныстыру барысында мәлімдеді.

Жоспарға сәйкес, қала солтүстік-батысқа қарай кеңейтілетін болады, ол үшін «Жаңа жалпықалалық орталық» жобасы жүзеге асырылады.

«Мұнда тұрғын үй кешендері, мектептер, балабақшалар, әлеуметтік нысандар, саябақтар мен мәдени орталықтар салынады. Осы жобаны егжей-тегжейлі жоспарлау 2017 жылы әзірленді. Жаңа шағын аудандардың жалпы алаңы 865 га құрайды. Және де әрбір ауданның орташа алаңы 22-25 га құрайды. Бүгінгі таңда 13 жаңа шағын ауданның 7-іне инфрақұрылым өткізілді, олар бірінші кезеңде салынатын болады», - деді Ғалымжан Ниязов.

Smiley face
Фото: акимат г. Актау

Жаңа газ құбыры магистралін өткізу, қазандық орнату, «Хаб 1», «Хаб 2» электр станцияларын салу мәселелері қаралды. Алдағы уақытта инженерлік инфрақұрылымның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленетін болады.

Сонымен қатар, Ақтауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру үшін агроаймақ алаңын ұлғайту жоспарлануда. Бүгінгі күні қалада 1378 га шаруа қожалықтарына бөлінген. Жаңа жоспарға сәйкес бұл алаң тағы 3378 гектарға артады.


Көзі: yunews.kz