Тұрмыстағы зорлық - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Тұрмыстағы зорлық

444

Smiley face

Фото из открытых источников

Бір апта ішінде еліміздің сенім телефондарына тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 500-ден өтініш келіп түсті. "Тұрмыс" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция органдарының профилактикалық есебінде тұрған 70 мыңға жуық адам тексерілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

Бұл санға 17 мыңға жуық "отбасылық жанжалшыл", 34 мыңға жуық маскүнем  және 8,5 мыңнан астам қолайсыз отбасы кіреді. ЖПШ кезінде қосымша 6 мың адам анықталып, олар да есепке алынды (4,5 мыңнан астам "отбасылық жанжалшыл", 1 мың маскүнем және нашақорлар, 519 қолайсыз отбасы).

ЖПШ 7-13 тамыз аралығында елдің барлық аумағында өтті. Осы уақыт ішінде 3 мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды (соның ішінде 1 мыңнан астам адам ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін, 280 - қорғау нұсқамаларын бұзғаны үшін, 350-ге жуық адам кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және білім беру жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін), профилактикалық әңгіме өткізу үшін полиция органдарына шамамен 27 мың адам жеткізілді


Көзі: yunews.kz