Ақшаң жоқ болса – жылу да жоқ! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақшаң жоқ болса – жылу да жоқ!

444

Smiley faceФото: Yunews.kz

Семейде қасақана борышкерлерді жылу энергиясынан ажырату бойынша рейдтер өткізілуде.  5 пәтер батареясыз қалды. Жалпы жылу бойынша дебиторлық берешек 235 миллион теңге құрайды. Олардың 28 %-ы – заңды тұлғалар, ал 72 %-ы – тұрғындар.  

"Бұл мәжбүрлі шара, себебі абоненттер бірнеше жылу маусымы үшін борышкер. Рейдтер 100 мың теңгеден астам қарызы бар пәтерлер бойынша ғана жүргізіледі. Және қарыз әр түрлі шектерде өзгеріп, 200 мың теңгеге дейін жетеді.  Барлығы шаршы метрге байланысты", - деп түсіндірді "Теплокоммунэнерго" МКК өткізім басқармасы бастығының міндетін атқарушы Айнұр Төлейбаева.

Smiley face
Фото: Yunews.kz

Бүгінгі күні 237 абонент алдағы ажырату туралы хабарлама алды. Егер жақын арада төлемеушілер жылу энергиясы бойынша жинақталған қарыздарды өтемесе, онда оларға слесарьлар бригадасы да барады.

"Жақында жылыту маусымы басталады, бірақ абоненттер ешқандай шара қабылдамады. Қазір біз борышкерлердің пәтерлерін аралап жатырмыз.  Оларды батареяларды алу және маңдайшаларды орнату арқылы жылу энергиясынан ажыратамыз. Жылу беру маусымы кезінде борышкерлердің көршілері бұдан зардап шекпейді.  Бұдан әрі біздің бақылаушылар борышкерлердің тұйықтағышты алмауын және өздігінен батарея орнатпауын бақылайтын болады. Егер абонент барлық қарызды өтесе, біз оны жылумен қамтамасыз етеміз", - деп түсіндірді "Теплокоммунэнерго" МКК техникалық директоры Николай Демин.

Сонымен қатар, маман батареяларсыз қалған абоненттерге жақын арада қарызды өтеу қажет екенін атап өтті, себебі жылыту маусымы кезінде пәтерді жылу жүйесіне қосу техникалық жағынан мүмкін болмайды.

Smiley face
Фото: Yunews.kz


Көзі: yunews.kz