Атырауда қоғамдық көліктерде қолма-қол есеп айырысу тарифі 150 теңгеге дейін артады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда қоғамдық көліктерде қолма-қол есеп айырысу тарифі 150 теңгеге дейін артады

444

Smiley face
Фото из открытых источников

1 қыркүйектен бастап Атыраудың қоғамдық көліктерінде сараланған тариф енгізіледі. Бұл туралы Атырау әкімдігі хабарлады.

Осылайша, электрондық картамен немесе ұялы байланыс операторлары қызметтерінің көмегімен жол жүруді төлейтін жолаушылар үшін тариф бұрынғы деңгейде қалады және ол 80 теңгені құрайды. Қолма-қол ақшаға жол жүретін жолаушылар 150 теңге төлейді.

Қалалық билік осылайша жолаушыларды электрондық төлем жүйесіне ауыстырғысы келеді.

Қазіргі уақытта барлық қалалық бағыттар онлайн-төлемдерге ауыстырылды, барлық дерлік автобустарда валидаторлар орнатылған.

Бұл ретте азаматтардың бірқатар санаттары үшін жеңілдікті тарифтер сақталады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, барлық топ мүгедектері, мектеп оқушылары тегін жол жүре алады. Ал студенттер, зейнеткерлер және көп балалы аналар үшін жол жүруге 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.


Көзі: yunews.kz