"Астана Су арнасы" экс-басшысы пара ретінде 3 бөлмелі пәтер алған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Астана Су арнасы" экс-басшысы пара ретінде 3 бөлмелі пәтер алған

444

Smiley face
Фото из открытых источников

"Астана су арнасы" МКК бұрынғы бас директоры В.Досаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Агенттігінің баспасөз қызметі.

«Досаев МКК бас директоры болып жұмыс істей отырып, жылжымайтын мүлікті ЖШС пайдасына беру туралы қосымша келісім жасасқаны үшін қол астындағы қызметкер  арқылы "Молодая семья- 2" тұрғын үй кешенінде 3 бөлмелі пәтер түріндегі аса ірі мөлшерде пара және «Технополисжилстрой" ЖШС басшылығынан 60 мың доллар сомасында ақшалай қаражат алған», - деп мәлімдеді ведомствода.

Сот жемқорды  қауіпсіздік жағдайы төмен түзеу мекемесінде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды


Көзі: yunews.kz