Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына дайындалуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық спортшылар Токио Олимпиадасына дайындалуда

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиодағы ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының басталуына бір жылдан аз уақыт қалғанын еске салды.

"Осы жыл бойы ұлттық командалар 28 лицензиялық әлем чемпионатына, 19 Азия чемпионатына, 12 әлемдік іріктеу турнирлеріне қатысады, онда 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға квота ойнатылады", - деді министр.

Жалпы, Олимпиада басталғанға дейін қазақстандық спортшылар лицензиялық рейтингтік ұпайларды жеңіп алу үшін әлемнің 50-ден астам Кубоктарына қатысады, олардың қорытындысы бойынша Олимпиада ойындарына қатысушылар анықталады. А.Райымқұлова атап өткендей, қазір спортшылардың басты міндеті 2016 жылғы олимпиаданың алдында жеңіп алынған лицензиялардан кем емес (шамамен 30 спорт түрі бойынша 104 лицензия) лицензия алу болып табылады.

Ведомство басшысы 2020 жылдың басынан бері 3 әлем чемпионатына, 19 Азия және 18 әлемдік іріктеу турнирлеріне қатысу жоспарланғанын хабарлады.

"Бүгінгі таңда 5 спорт түрі бойынша 10 лицензия ұтып алынды: жеңіл атлетика – Георгий Шейко, Ольга Рыпакова, велошоссе – Евгений Гидич, жүзу 2 лицензия – Баландин Дмитрий, ашық суда жүзу – Худяков Виталий, садақ ату – Мусаев Санжар, Ганкин Денис, Абдуллин Рифат", - деп нақтылады Ақтоты Райымқұлова.


Көзі: yunews.kz