FlyArystan Қарағандыдан түрлі бағыттар бойынша рейстер ұшырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

FlyArystan Қарағандыдан түрлі бағыттар бойынша рейстер ұшырады

444

Smiley face

2020 жылдың екінші тоқсанында Қарағандыда FlyArystan компаниясының 10-12 ішкі және халықаралық бағыттары іске қосылатын болады. Қарағанды өңірлер арасында компанияның жаңа базасы ашылатын бірінші қала болады. Әуе флоты  Airbus А320 2 әуе лайнерінен тұрады.

 «Жолаушыларға жылына 1 миллионға дейін орын ұсынылатын болады. Бұл, өз кезегінде, қонақ үй, мейрамхана, сауда-ойын-сауық және басқа да қызмет көрсету салаларының белсенді дамуына әкеледі. Көп рейстер мен бағыттар Қарағандыдан/Қарағандыға қолжетімді бағамен саяхаттау мүмкіндігін береді. Бұл Қарағанды өңірі үшін оң өзгерістер болып табылады, оның артынан басқа да облыстар  тартылады деп сенеміз», - деп атап өтті «Эйр Астана» АҚ қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ибрагим Жанлыел.

Smiley face
Фото: Владимир Третьяков

Қарағанды әуе айлағының өкілдері әуежай техникалық тұрғыдан FlyArystan компаниясымен жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

«Қарағандыда жылдың кез келген мезгілінде көрінімділік және басқа да негізгі ұшу параметрлері тұрғысынан бірегей ауа райы жағдайлары, және келесі жылы жолаушылар ағынының болжамды екі есе өсуі кезінде қолайлы орналасу  және уақытылы қызмет көрсету үшін барлық қажетті инфрақұрылымдар бар», - деді «Сарыарқа әуежайы» АҚ Басқарма төрағасы Сәрсенбек Көшкінов.

 Қарағандыдан қандай бағыттар ашылатынын тұтынушылардың өздері шешетін болады. Ол үшін компания Instagram-да ресми парақша  ашады, онда пайдаланушылар қалаған бағыттар бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады.   

Бағатүзіліміне келетін болсақ – мұнда бәрі өзгеріссіз қалады. Алайда, компанияда бүгінгі таңда сатылымның уақыты орта есеппен 1,5 ай екенін атап өтті. Яғни, билеттерді 5 999 теңгеге тартымды бағамен сатып алу үшін, оны болжанған ұшудан кем дегенде 2 ай бұрын сатып алу керек, өйткені арзан  билеттерге сұраныс өте жоғары.


Көзі: yunews.kz