Алматыда жеке үйлер мен жолдарды су басты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда жеке үйлер мен жолдарды су басты

444

Smiley face
Фото: ДЧС Алматы

15 тамызда Алматыда жауын-шашын салдарынан қаланың әртүрлі аудандарында жеке тұрғын үйлерді, іргелес жатқан аула аумақтарын, жертөле мен көлік айрығын су басты, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің сайты.

Алматы қ. құтқару қызметіне "109" нөміріне тұрғындардың қоңыраулары таңертең сағат 04:31-те түсе бастады. Барлығы 13 өтініш түсті. Құтқарушылар су басу салдарын жою үшін негізінен Алатау ауданы бойынша мекенжайларға барды. "Ақбұлақ" шағын ауданында Бейсекбаев көшесінде су сору жұмыстары аяқталды, бұл жерде 4 үй су астында қалған.

Smiley face
Фото: ДЧС Алматы

Осы шағын ауданда Самади, Нұрпейісов және Сухэ-Батор көшелерінен де "109" нөміріне аула аумағын, жертөле және жеке тұрғын үйлерді су басу туралы тұрғындардың шақыртулары түсті. Мұнда жою іс-шаралары Алатау ауданының мердігерлік ұйымдарымен орындалды.

Әуезов ауданында Райымбек даңғылы мен Саин көшесінің қиылысындағы көлік айрығын су басты, құтқарушылар аудандық әкімдікпен және "Алматы Су" коммуналдық қызметімен бірлесіп су басу салдарын жойды.

Smiley face
Фото: ДЧС Алматы

Құтқару операцияларына Алматы қаласы құтқару қызметінің 9 қызметкері, 2 бірлік техника және 4 мотопомпа жұмылдырылды.

Smiley face
Фото: ДЧС Алматы


Көзі: yunews.kz