Балқаштың тұрғыны Қызыл кітапқа енген жыланшы қыранды құтқарды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Балқаштың тұрғыны Қызыл кітапқа енген жыланшы қыранды құтқарды

444

Smiley face

Сәкен Ділдахметтің суреті

Балқаш қаласының тұрғыны полиция бөлімшесіне жыртқыш құстың табылғаны туралы арызданған. Әйел адам Ақтоғай ауданы Қоңырат ауылының маңындағы жол бойында өз бетімен ұша алмаған құстың табылғанын, және оның жаралы болуы мүмкін екенін айтты.

Осы күні "Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ мамандары жыртқыш құсты Қарағандыға алып келіп, оны одан әрі оңалту үшін "Қарағанды қалалық зоологиялық паркі" КМҚК-ға тапсырды.

Қарап тексеру кезінде құс сұңқар тәріздес топқа жататыны анықталды, түрі –жыланшы қыран, ол ҚР Қызыл кітабына енгізілген.

Ол Қазақстанның оңтүстік бөлігінде кездеседі, оның саны көп  емес және төмендеу үрдісі бар. Қыранның бұл түрі балапандарын негізінен жыланмен тамақтандыруына байланысты осындай атау алған.

Сауыққаннан кейін құс табиғи ортаға шығарылады.

"Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы" РММ мамандары соңғы уақытта тұрғындар жабайы жануарларға көмек көрсету үшін белсенді түрде жүгінетінін атап өтті.


Көзі: yunews.kz