БАҚ арналған баспасөз хабарлама - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

БАҚ арналған баспасөз хабарлама

444

Smiley face
Фото из открытых источников

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің және  «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері «Таза тамыз» шеңберінде «Жол беріп – өмірді құтқар!» акциясын өткізіп, Көкшетау қаласының көшелерінде арнайы рейд жүргізді. Акцияның ұйымдастырушылары жеңіл автокөлік иелерінің шақыруға асыққан жедел жәрдем көлігіне жол беруге дайын екендерін анықтағысы келді.

Бірлескен рейд Ақмола облысының полиция департаментінің және Ақмола облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының қолдауымен өткізілді.

Облыстық станцияның бас дәрігері Александр Высоцкийдің айтуынша, ағымдағы жылы өткен жылмен салыстырғанда жедел жәрдемнің қатысуымен орын алған жол апаттарының саны артуда.

«Ағымдағы жылы «жедел жәрдем» көліктерінің жеңіл автокөліктермен соғылуы нәтижесінде зардап шеккен азаматтар саны шамамен 100 адамға өскен. Өкінішке орай, автокөлік иелерінің көлік жүргізу мәдениеті төмен екендігі байқалады. Өткен жылы шұғыл медициналық көмекке зәру науқастарды ауруханаға жеткізбек болған жедел жәрдемдердің 6-сы жол апаттарына ұшырады. Барлық жағдайда жол бермеген жеңіл автокөлік иелері кінәлі болды. Әрі қарай сот тергеуі және өзге де жағымсыз салдары орын алады. Мұндай жағдайлардың нәтижесінде уақытылы медициналық көмек алмаған жазықсыз адамдар жапа шегеді» - дейді Александр Высоцкий.

Рейдті ұйымдастырушылар қаланың ең көп көлік жүретін, әдетте кептелістен босамайтын орталық көшелерімен жүріп өтті. Оның ішінде Назарбаев даңғылы, Абай, Уәлиханов және Пушкина көшелері бар. Көпшілік тұрғындар жұмыстан асығатын түскі уақыт кезі болғанына қарамастан, жол тәртібін бұзу фактілері анықталған жоқ. Бұл жағдай әрине қуантады.

Орыс ақыны Иосиф Бродский айтып өткендей, «Әлемді құтқару мүмкін емес шығар, бірақ бір адамды әрқашан құтқаруға болады». Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен жобалық кеңсенің өкілдері автокөлік иелерінің парасаттылығын арттыру мақсатында осындай рейдтерді жалғастыруды жоспарлап отыр.

 

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі


Көзі: yunews.kz