Бразилия-Қазақстан: екі елдің парламентарилері әріптестік туралы келісті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бразилия-Қазақстан: екі елдің парламентарилері әріптестік туралы келісті

444

Smiley face

«Бразилия – Қазақстан» парламенттік достық тобының бірінші отырысы Бразилия ұлттық конгресінің депутаттар палатасында Үкіметтің төменгі палатадағы вице-басшысы, депутат Клаудио Қажадудың төрағалығымен Қазақстан Елшілігінде өтті. Шараға топ төрағасының бірінші орынбасары, депутат Анжела Амин, Жервазио Майя, Жоао Рома, Леур Ломанто Жуниор, Херкулано Пассос және парламенттік топтың басқа да мүшелері, сондай-ақ бизнес топ өкілдері қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шара қонақтарын қарсы ала отырып, Қазақстан Елшісі Қайрат Саржанов парламентаралық диалогтың екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды элементі ретінде маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, парламенттік желі бойынша қарқынды байланыстар саяси ынтымақтастықты ілгерілетуге және мемлекеттің сыртқы саяси бастамаларын жүзеге асыруға, экономикалық өзара іс-қимыл мен мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Қазақстандық дипломат отырысқа қатысушыларды Қазақстан-Бразилиялық өзара іс-қимылдың ағымдағы жай-күйі туралы таныстыра отырып, Қазақстан жыл сайын дамудың оң серпінін арттырып, ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктерді ашатын Бразилиямен өзара сенім мен достық қарым-қатынасты жоғары бағалайды деп атап өтті. Атап айтқанда, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы, энергетика, авиация және ғарыш саласы бойынша өзара іс-қимыл өте маңызды болды. Елші достық тобының кездесулері жүйелі сипатқа ие болады деген сенім білдірді және депутаттарды елімізге сапармен келуге шақырды.

Талқылау барысында парламенттік топ мүшелері парламентаралық үнқатысу мен жалпы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету үшін бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға қатысуға дайын екендіктерін растады.

Бразилия ұлттық конгресінің депутаттар палатасында «Бразилия – Қазақстан» парламенттік достық тобы 2017 жылы 7 желтоқсанда құрылды. Достық тобының құрамына 19 депутат кіреді. Төраға - Баия штатынан Бразилияның прогрессивті партиясын білдіретін депутат Клаудио Қажаду.


Көзі: yunews.kz