Балабақшадағы қатыгездік әлеуметтік желілерге тарап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Балабақшадағы қатыгездік әлеуметтік желілерге тарап кетті

444

Smiley face
Фото: @kris_p_brothers_official 

Алматы облысындағы (болжалды түрде) балабақшалардың бірінде балаларға қатыгез қарау фактісі түсірілген видео,  Instagram-да  @kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды.

Видеоны жіберген пайдаланушы, оқиға Байсерке ауылындағы "Ниет-ай" балабақшасында орын алғанын хабарлайды.

"Кіші топ. Зорлық-зомбылық көрсету, балаларға қатыгез қарау, атап айтқанда ұру және қорқыту. Құзыретті органдардың назар аударуын сұраймын. Адамдар, балаларыңызды қорғаңыздар", - деп жазды пайдаланушы видео сипаттамасында.

Алматы қаласы әкімдігінің аудандық комиссиясы осы факті бойынша тексеру жұмыстарын бастады.


Көзі: yunews.kz