Қарқаралы ауданындағы өрт алаңы өсуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарқаралы ауданындағы өрт алаңы өсуде

444

Smiley face

Қарқаралы ұлттық паркінің бақты орманшылығындағы өртті сөндіруге Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері қосылды, деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт орнында барлығы 329 адам және 60 бірлік техника жұмыс істейді: ТЖ департаментінің күштері мен құралдары, Ұлттық гвардияның «Орталық» РМКК 52859 ә/б, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Қу шаруашылығы, Жергілікті атқарушы органның ерікті өртке қарсы құрылымдары, жергілікті полиция қызметі, ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ өкілдері бар.

Smiley face

ТЖ жою аймағында жедел штаб жұмысы ұйымдастырылды.

Өртті сөндіру жұмыстары жер үсті және әуе тәсілдерімен жүргізіледі. Суағар құрылғылары бар 2 тікұшақ іске қосылды.

Өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында өрт аймағы мен іргелес аумақты аралау жүргізіледі.

Өрттің жалпы ауданы шамамен 2870 га құрайды,оның ішінде орман аумағы - 1320 га.

Қабылданған шаралармен өрттің қарқынды дамуы тоқтатылды. Оқиға орнында барлық күштер қысқа мерзімде өртті жоюға жұмылдырылған.

Smiley face


Көзі: yunews.kz