Атырауда ауаға оқ атқан ер адам жауапкершілікке тартылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда ауаға оқ атқан ер адам жауапкершілікке тартылды

444

Smiley face

 

Түнде түсірілген бейнекөрініс әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрда жас жігіт біреулерден тапаншаны алып, жарысқа кіріскендей, ауаға ататынын көруге болады. Белгілі болғандай, түнгі атыс 13 тамызда Атырау қаласының әуежайына қарай жүретін жол бөлігінде орын алған.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілердегі бейнелерді зерделеп, бейнекамералардың жазбаларын қарап, аталған төтенше жағдайға қатысқан барлық тұлғалардың жеке басын анықтады.

Атырау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, газ тапаншасының иесі Алматы тұрғыны болып табылады. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК 484 бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды (қару мен оның патрондарын сатып алу, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, әкелу тәртібін бұзу). Ол ҚР ӘҚКо 485-бабы бойынша (атыс қаруын, ұңғысыз атыс қаруын, газды қаруды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қаруды, пневматикалық, лақтыратын және электрлік қаруды заңсыз қолдану) жауапқа тартылды.

Бұдан басқа, автокөліктермен жолда жарысқан үш автокөлік жүргізушілеріне әкімшілік кодекстің баптары бойынша айыппұл салынды.

Видео очевидцев


Көзі: yunews.kz