Заречныйда қамауға алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Заречныйда қамауға алды

444

Smiley face

 «Қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тәртіптік негізде аталған мекеме мен Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14 лауазымды тұлғасы жазаланды», - деп атап өтті ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев. Сонымен қатар, теріс себептермен ішкі істер органдарынан 7 қызметкер, оның ішінде 2 мекеме бастығының орынбасары жұмыстан шығарылды.

«Тәртіптік сипаттағы шаралармен қатар, Алматы облысының арнайы прокурорлар басқармасы ҚР ҚК 146-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық істерді тергеу шеңберінде 7 қызметкерге қатысты тергеу изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындалды. Сонымен қатар, мекеме бастығы және Алматы облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды. Атап өтер жай, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің осындай қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға итермелейтін алғышарттарды жою бойынша жүйелі шаралар

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті сотталғандардың азаптау туралы арыздары негізінде тергеу жүргізу үстінде. Тексеру барысында барлық оқиғалар қатысушылардың және оларға жол берген адамдардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.


Көзі: Yunews.kz