Банк кеңесшісі Жаңаөзендегі клиентке мақұлданған несиені иеленіп кеткен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Банк кеңесшісі Жаңаөзендегі клиентке мақұлданған несиені иеленіп кеткен

444

Smiley face
Фото из открытых источников

 

Жаңаөзендегі банктердің бірінің кеңесшісі өзінің қызмет бабын пайдаланып, басқаның ақшасын жымқырды. Банкке ер азамат келіп, оған несие беруді сұрады. Стандартты рәсімдерді өткеннен кейін банк клиентке 570 мың теңге сомасында қарызды мақұлдады. Алайда, кеңесші ер адамға жалған ақпарат беріп,  мақұлданған несиені өзіне алған. Бұл факт анықталған соң, банк басшылығы полицияға жүгінді.

«Жаңаөзен қалалық соты күдіктіге қатысты қылмыстық істі қарады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған екі жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды»,-деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz