Қазақстандық Су-25 экипаждары «Авидартс» жарысында үздік шабуылдаушы атанды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық Су-25 экипаждары «Авидартс» жарысында үздік шабуылдаушы атанды

444

Smiley face
Фото: пресс-служба МО РК

Рязаньда 2019 жылғы әскери халықаралық ойындар аясында «Авидартс» халықаралық ұшу шеберлігінің байқауы аяқталды.

Қазақстандық ұшқыштар, майорлар Дмитрий Коробкин мен Манас Даулетбаев Су-25 ұшақтарында «Штурмдық авиация» номинациясы бойынша бірінші орынға ие болып, Ресей мен Беларусь ұшқыштарын басып озды, деп хабарлады ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Smiley face
Фото: пресс-служба МО РК

Алайда, бұл біздің ұшқыштарымыздың конкурста жалғыз жетістігі емес. «Жойғыш авиация» номинациясында Су-30СМ ұшақтарында жұптық ұшуларды орындаған қазақстандық әскери қызметкерлер екінші орынға ие болды. Біздің ұшқыштарымыз тек сайыс қожайындарына ғана жол берді. Жүлдегерлер үштігін Қытайдан келген ұшқыштар тұйықтады. Байқау кезеңдерінің бірінде қазақстандық Су-30СМ ұшқыштары басқарылмайтын авиациялық зымырандармен, сондай-ақ авиациялық зеңбіректен жауынгерлік атыстарды ең жақсы орындады.

«Авиаартс» ұшу шеберлігінің байқауы үш кезеңнен тұрды, олар ұшқыштардың дене дайындығы бойынша жарыстар, ұшу бағдарламасының тапсырмалары: әуемен барлау, ұшу техникасы және жауынгерлік қолдану. Барлық экипаждар өз ұшақтары мен тікұшақтарында ұшты. Қазақстанның Әскери-әуе күштері Су-30СМ жойғыштарымен, Су-25 штурмовиктерімен, Ми-35М жауынгерлік тікұшақтарымен және Ми-171Ш көліктік-жауынгерлік тікұшақтарымен таныстырылды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан ұшу экипаждарының құрама командасы үшінші орынға ие болды, екінші орында – Қытай ұшқыштары, бірінші орынды Ресейдің ұшу экипаждары иеленді.


Көзі: Yunews.kz