Қазақстандық үш жеңіл атлет Беларусьте өтетін турнирге қатысады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық үш жеңіл атлет Беларусьте өтетін турнирге қатысады

444

Smiley face

Жеңіл атлетикадан қазақстандық команданың үш өкілі Беларусьтің ашық чемпионатында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Оның аясында спорттық жүріс бойынша Беларусь Республикасының чемпионаты өтеді. Ол 23-24 тамыз аралығында өтеді. Онда Айман Ратова мен Галина Якушева өнер көрсетеді. Олар 20 шақырым қашықтықтағы медаль үшін күреседі.

Өз кезегінде Давид Ефремов біздің командамыздың намысын 110 метрге жүгіруден қорғайды. Ол 29-31 тамыз аралығында өтетін Беларусь чемпионатына қатысады.


Көзі: Yunews.kz