ШҚО-да қар көшкіні салдарынан 63 жастағы Ресей азаматы зардап шекті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ШҚО-да қар көшкіні салдарынан 63 жастағы Ресей азаматы зардап шекті

444

Smiley face
Скрин из видео: ДЧС ВКО

Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары Белуха тауына шыққан кезде жарақат алған Ресей азаматына көмек көрсетті. Оқиға 15 тамызда таудың шыңында орын алды. Ресей Федерациясынан альпинистер тобы Белуха тауына шықты. Түмен тұрғыны қар көшкінінің түсуі салдарынан қар ағысы астында қалған. 63 жастағы әйел тірі қалды, алайда түрлі жарақат алды.

Топ қозғалысы тоқтатылды, өйткені зардап шеккен адамның қолы сынған. Оған көмекке МИ-8 әуе кемесімен ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Жедел құтқару жасағының 7 адамы және Апаттар медицинасы орталығының 2 қызметкері барған.

«Тұман салдарынан көріну нашар, анық емес, бірақ әуе барлауы кезінде қардағы адамдар байқалды. Тікұшақ экипажы оқиға орнына жақын жерде шатқалға қонуға шешім қабылдады. Құтқарушылар зардап шегуші әйелге көмектесіп, ауруханаға жеткізді», - деді құтару тобының басшысы Игорь Лапенлавский.

Тікұшақ бортында Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері зардап шеккен адамды қарап, шина салды. Ресей азаматшасын тасымалдау 2900 метр биіктіктен жүзеге асырылды. Қалған адамдар қар көшкіні салдарынан зардап шеккен жоқ. Туристер өз лагеріне оралды. Зардап шеккен әйел Өскемен қаласының ауруханасына жатқызылды.


Көзі: Yunews.kz