СҚО-да баланы ток соқты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

СҚО-да баланы ток соқты

444

Smiley face

Жазатайым оқиға Талшықжар ауданының Талшық ауылында орын алды. 6 жасар бала кешенді трансформаторлық қосалқы станцияның шатырынан жүгіріп өтіп, оны ток соқты. Ол аяқ-қолдың термиялық күйігін алды. Баланы Ақжар аудандық ауруханасының реанимациялық бөліміне жатқызып, біраз уақыттан кейін облыс орталығына шұғыл түрде тасымалдаған. Балалар ауруханасының травматологиялық бөліміне оны санавиация жеткізді.

Медицина мекемесінен хабарлағандай, кез келген электр тогымен зақымдану –  ауыр жарақат. Тіпті нүктелі жара ұзақ апта бойы емделеді және хирургиялық еммен аяқталады. Зардап шеккен бала есінен танып, қажетті көмек алуда.


Көзі: Yunews.kz