Алматыда үш жылда миллион ағаш отырғызамыз - Б. Сағынтаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда үш жылда миллион ағаш отырғызамыз - Б. Сағынтаев

444

Smiley face
Фото: Instagram @sagintayev.b

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев үш жылда миллион ағаш отырғызуды ұсынады. «Jasyl Almaty» жобасын бастау туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Әкімнің айтуынша, бұл Алматының экологиясын өзгертуге, және де Қазақстандағы ең жасыл қала даңқын қайтаруға көмектеседі.

«Қаламызды кең көлемде жасылдандыру бойынша кеңес өткіздім. Қазір Алматыда 2,2 миллион ағаш бар, алайда олардың 550-і емдеуді қажет етеді және апатты жағдайда. Күзде «Jasyl Almaty» үш жылдық жобаны бастауды ұсынамын, оның барысында қала бойынша кем дегенде миллион түп ағаш отырғызылатын болады. Ең алдымен Алатау, Наурызбай, Жетісу, Алмалы аудандарында», - деп жазды Б.Сағынтаев өз парақшасында.
Алматының әкімі әрбір алматылықты бір ағаштан отырғызуға шақырды.

«Біз жаңа ықшам аудандарды, көшелер мен аулаларды жасылдандырып, бүкіл мегаполис бойынша тұрғындар демалатын аймақтар, жаңа бульварлар мен скверлер жасауға тиіспіз. Бұл ауқымды әрі пайдалы іс. Жасыл экономика басқармасы бұл шараға барлық экологиялық ҮЕҰ мен азаматтық белсенділерді, жеке бизнесті, ізгі ниетті қалалықтарды кеңінен тартқаны жөн. Егер әрбір алматылық бір ағаштан отырғызса, онда қала экологиясының өзгеретініне сенімдімін. Келіңіздер, бәріміз бірігіп, Алматыға жасыл қала даңқын қайтарайық, сол үшін мақтанатын боламыз», - деп үндеу тастады Б.Сағынтаев.


Көзі: yunews.kz