Желден жүйрік жігіт - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Желден жүйрік жігіт

444

Smiley faceФото: velosiped.kz

Полицияға Мәңгілік ел көшесіндегі үйлердің бірінің паркингінен екі велосипед ұрланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қаскүнем паркинг аумағына кіріп, әр жолы бір велосипедпен алып шыққаны анықталды.

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті ұсталды, деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі. 

«Шамамен 5 велосипед болды, олардың біреуі арнайы құрылғымен бекітілмеген. Ұрланған велосипедтердің бірі жасөспірімдікі, оның корпусы қара және жасыл түсті жазуы бар «Драйв» маркалы болды. Рөлде беріліс  жылдамдығын ауыстыратын механизмі бар», - деп түсіндірді күдікті. 

Ұсталған азаматтың айтуынша, көлік тұрағына оңай кіруге болатынын  көргеннен кейін оған велосипедтерді ұрлап кету туралы жымысқы ой келген.  Шамамен сағат 04.30-да ол паркингке кіріп, велосипедтерді бөгетсіз алып кеткен.

Екі дөңгелекті көлікті одан әрі сату мақсатында ұрлаған.

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Нұр-Сұлтан қ. ПД уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Сондай-ақ, оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Қазіргі таңда велосипедтер тәркіленді және иелеріне қайтарылды.


Көзі: yunews.kz