Қытай Қазақстан Президентінің сапарына дайындалуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қытай Қазақстан Президентінің сапарына дайындалуда

444

Smiley face
Фото: МИД РК

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Лэ Юйчэнмен кездесті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен келешектерін, сондай-ақ жоғары және биік деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бағыттарын талқылады.

Ерекше назар биыл қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне аударылды. Өз кезегінде, қытайлық дипломат Мемлекет басшысының Қазақстан-Қытай қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ, биылғы жылдың екінші жартысында өткізілуі жоспарланған көпжақты халықаралық іс-шаралар күнтізбесі мен өзара сапарлар кестесі талқыланды. Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының жан-жақты стратегиялық әріптестігінің оң серпінін сақтау мақсатында саяси, парламентаралық, партияаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық тұрақты байланыстарды дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Көзі: yunews.kz