Шетелдік азамат Атырау облысының үш тұрғынына ЖИТС жұқтырған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шетелдік азамат Атырау облысының үш тұрғынына ЖИТС жұқтырған

444

Smiley face
Фото: minsknews.by

Бұл туралы брифингте Атыраудың ЖИТС пен АИТВ инфекцияларының алдын алу орталығының директоры Нұрқабыл Айтмұхамбетов хабарлады. Баспасөз мәслихатының басты тақырыбы бұның алдында кейбір БАҚ-да басылған ақпаратты теріске шығаруға қатысты болды.

«Орал қаласының төрт тұрғыны ЖИТС жұқтырған және олардың барлығы да Теңіз кенішінде вахталық әдіспен жұмыс істеп жүрген деген ақпарат жарияланды. Қазіргі таңда вирус жұтырған 4 адамның екеуі ғана Теңізде болғаны анықталды. Бұл жағдай бойынша аурудың орны мен көзін анықтау үшін Теңізде жұмыс істейтін медицина мамандарының қатысуымен эпидемиологиялық тергеу жүргізіледі», - деді Нұрқабыл Айтмұхамбетов.

Жыл басынан бері бұл ауруды 18 адам жұқтырды.  Орталық директорының мәліметі бойынша, ауру тасымалдаушылар арасында 8 шетел азаматы анықталды, олардың біреуі тергеу үстінде және қазіргі уақытта тергеу изоляторына қамалды.

Анықталғандай, шетелдік азамат  жергілікті әйелге кесел жұқтырғаны үшін біздің елден тыс шығарылған. Алайда, ер адам Атырауға қайта оралып, тағы екі әйелге ауру жұқтырған.


Көзі: yunews.kz