Жамбыл облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жамбыл облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

444

Smiley face

Фото из открытых источников

"Алматы-Ташкент-Термез" тас жолында болған жол апатынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алды.

"DAF" автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол жиегінде тұрған "Жамбыл жол зертханасы" ММ-не тиесілі "Mercedes-Benz Sprinter" автокөлігіне соғылған.

"ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитетінің және "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК ұжымдары   "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының  қызметкерлері  -жол материалдарын сараптау бөлімінің материалдар жөніндегі инженері Абдрахман Салханұлы Даубаевтың, жол материалдарын сараптау бөлімінің 1-санатты лаборанты Виктор Сергеевич Измайловтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмдардың туған-туыстары мен  жақындарына қайғырып көңіл айтады. Абдрахман Даубаев "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК-да 2011 жылдан бастап, Виктор Измаилов 2015 жылдан бастап жұмыс істеді. Отбасыларына, туған-туысқандары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.


Көзі: yunews.kz